Өткен тәулікте 16 адам пневмонияға шалдығып, 3 науқас қайтыс болды

25.01.2021 14:35

2021 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото. ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 34 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47437, 555 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35183 жетті.