2021 жылы коммуналдық автопаркке 150 жаңа газбен жүретін автобус жеткізілді
Қалалық мобилділік басқармасы, Көлік холдингі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мониторинг топтары жолаушылардың санитарлық ережелерді ұстануын тексеруде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың барлық маршруттарын кезекпен тексеру жоспарланған. Бұған дейін қоғамдық көлікте тек Басқарма қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп, тек ескерту жасай алатын. Қазіргі мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы.
Сонымен қатар, қалада жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру интервалы қайта қарастырылды. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады. Сондай-ақ, автобустар мен метрода маска тағу қа2021 жылы коммуналдық автопаркке 150 жаңа газбен жүретін автобус жеткізілді. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, бетпердесіз жолаушыларды кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды.
Алматылықтардың қажеттілігін толық өтеу үшін қалаға мыңға жуық автобус қажет екендігі мәлім. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. 2021 жылы коммуналдық автопаркке 150 жаңа газбен жүретін автобус жеткізілді. Жолаушылардың сұранысына қарай автобустардың бір бөлігі ескі автобустарды жаңалауға және маршруттарды күшейтуге, ал бір бөлігі жаңа маршруттар ашуға жіберілді. Жылдың аяғына дейін тасымалдаушылар екі жүзден аса автобус сатып алуды жоспарлап отыр.