951-ге жетті: Алматы облысында COVID-19 індетін жұқтырған 9 адам анықталды

Фото: ашық дереккөзден / открытые источники
Фото: ашық дереккөзден / открытые источники
12 сәуір сағат 23.30-дағы эпидемиологиялық жағдай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам тiркелді. Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы облысында  –  9 адам, Алматы қаласында  – 5 адам, Түркістан облысында  –  7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, қазіргі уақытта елімізде қауіпті COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 951 адамға жетті.


«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 251 адам, Алматы қаласында – 165 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында  –  46 адам, Шымкент қаласында  – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында  –  6 адам, Алматы облысында  –  21 адам, Ақтөбе облысында  – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында  –  25 адам, Павлодар облысында  –  10 адам, Маңғыстау облысында –  10 адам, Қызылорда облысында  – 118 адам, Батыс Қазақстан облысында  – 9 адам, Түркістан облысында  – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 951 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.


Новости партнеров