Алматылық дінтанушы: Конфессия өкілдері вакциналануға қарсы емес

01.09.2021 14:41

Әлемдік діндер мен көптеген конфессия өкілдері вакциналануға, түрлі ауруларға қарсы егуге тыйым салмайды

31 тамызда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында дінтанушы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби, атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жанна Қаңтарбаева. Оның айтуынша, вакциналар – бұл ғылымның жетістігі, ал әлемдік діндер ғылымды қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ж. Қаңтарбаеваның айтуынша, әлемдік діндер мен көптеген конфессия өкілдері вакциналануға, түрлі ауруларға қарсы егуге тыйым салмайды.

Философия ғылымдарының кандидаты жалпы адамзаттың бірнеше пандемиядан қалай аман қалғанын еске салды. Ол 1796 жылдың мамырында Эдвард Дженнер өзінің жұмысшыларының бірінің сегіз жасар ұлына шешекке қарсы вакцинаны қалай салғанын сипаттады.

«Сол кезде де вакцинаға сенімсіздік пен келіспеушілік білдірген діни бірлестіктер болды. Алайда вакцинаға қарсы пікірлерге қарамастан, ғалымдардың жетістіктерінің арқасында шешек дерті жойылды», – деді ҚазҰУ дінтанушысы.

Ж. Қаңтарбаева дінтанушылар медициналық рәсімдердің діни нормаларға сәйкестігі туралы сұрақтар қоятын діндарлармен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіре отырып, үнемі медициналық мамандармен кеңесетінін атап өтті.

«Біздің дәрігерлер күн сайын осындай мәселелермен бетпе-бет келеді. Әрине, бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Біз психологтармен жұмыс жасаймыз, діни топтардың көзқарасын өзгертеміз», – деп жалғастырды Ж. Қаңтарбаева.

Дінтанушы діни отбасы туберкулезді жұқтырған жағдай туралы айтты, өз сенімдеріне байланысты адамдар вакцинация мен дәстүрлі емдеуден бас тартты. Ж. Қаңтарбаеваның айтуынша, мұндай мысалдар көп. Мұның себебі – ақпаратты дұрыс қабылдамау, адамдар діни сенімдерге бейімделген жалған мәліметтерді тыңдайды.

«Антиваксерлер өз идеяларын дін арқылы насихаттайды. Олар есірткі мен вакцинаға қатысты харам мен халал терминдерін қолданады. Ең үлкен қауіп емделумен айналысатындар және емдеудің дәстүрлі емес түріне шақыратындар. Тек вакциналану ғана коронавирустың алдын алады», – деді Ж. Қаңтарбаева.

Дінтанушы діндарларды мұсылмандардың діни басқармасы мен Орыс православие шіркеуінің өкілдері растаған ақпаратты ғана тыңдауға шақырды.

«Бізде өзіміздің және өзгелердің өмірін сақтауға толық мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет. Сондықтан мен адамдарды қауіпті инфекциядан қорғану үшін вакциналануға шақырамын», –  деп қорытындылады сөзін дінтанушы.