23 адам емделіп шықты
2020 жылғы 12 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Өткен тәулікте коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 23 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 34 909, сонымен қатар 368 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 699 жетті.