Кеңседе жұмыс істеугетыйым салатын шектеулер толығымен алынып тасталды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнеске қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.
Бизнес үшін:
"Ashyq" бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70%-ке дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау) рұқсат етіледі:
сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты;
эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан ("қызыл", "сары" және "жасыл") ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталды.
Тұрғындар үшін:
егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакциналаудың немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған Қазақстан азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
ПТР тестінсіз вакциналау паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).
мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарды ревакциналау кезінде, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (барлық топтағы мүгедектерді) вакциналау үшін, сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдардың вакциналау курсын (екінші доза) аяқтауы үшін "Pfizer" вакцинасын қолдану рұқсат етіледі.