Пневмония: Өткен тәулікте тағы 4 адам көз жұмды

11.02.2021 14:50

2021 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны жұқтырудың 52 жағдайы тіркеліп, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Сондай-ақ 239 адам вирустан жазылып кетті. 2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын елде 48388 адам жұқтырған, 591 адам қайтыс болып, 37998 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.