2020 жылғы 24 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 823 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 22744, 258 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4519 жетті.