Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда
Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 7 606 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.