Өткен тәулікте пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды

28.01.2021 14:53

2021 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 88 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47658, 564 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35436 жетті.