Израиль мен Ұлыбританияда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның төртінші дозасы ұсынылуда
Жапония халыққа коронавирусқа қарсы төртінші вакцинаны егуге дайындықты бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұған елдің денсаулық сақтау министрлігінің ішкі комиссиясы бейсенбі күні үкімет АҚШ-тың екі дәрі-дәрмек компаниясынан қосымша дозаларды сатып алатынын мәлімдегеннен кейін келісті. Шағын комитеттің келісіміне ел үкіметінің төртінші екпені даярлау үшін Pfizer Inc. және Moderna Inc-тан жалпы 145 миллион доза вакцинаны сатып алуға келіскенін жариялағаннан кейін қол жеткізілген. Комитет сонымен қатар 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға Pfizer компаниясының COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын салуды мақұлдады, бұл ретте вакцинация келесі айда басталатыны күтілуде.
Израиль мен Ұлыбританияда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның төртінші дозасы ұсынылуда. Үшінші екпенің коронавирустың өте жұқпалы омикрон нұсқасына тиімділігі уақыт өте келе төмендейтіні анықталды. Бейсенбі күнгі отырыста шағын комиссия мүшелері денсаулық сақтау министрлігінің төртінші екпе енгізуге дайындық туралы ұсынысын бірауыздан қолдады. Ұсынысқа сәйкес, төртінші екпе үшін Pfizer және Moderna вакциналары қолданылады деп күтілуде.
Дереккөздер мәліметінше, вакцина мамыр айында салына бастайды. Үкіметтің бейсенбіде жариялаған мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде Жапонияда 46 миллионнан астам адам немесе ел халқының 37 пайызына вакцинаның үшінші дозасы салынған.