Елімізде коронавирусқа шалдыққан 13 мың науқас үйінде емделіп жатыр

11.03.2021 15:07

47 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 наурыздағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 432 адам короновирус инфекциясынан (13 811 КВИ+ және 4 621 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Коронавирус жұқтырғандар арасында:

• 231 адамның жағдайы ауыр; 

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр