Қазақстанға «Спутник V»вакцинасының 4 млн дозасы жеткізіледі

23.03.2021 15:08

Дүйсенбі күні Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

km.ru

Ресей Қазақстанға қосымша "Спутник V" вакцинасының 4 миллион дозасын жеткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Ол Ресей премьері Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

«Спутник V» ресейлік вакцинасының 4 миллион дозасын Қазақстанға қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – делінген хабарламада.

«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакциналау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», – деді Асқар Маминнің сөзін баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Үкімет басшылары сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика және ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. ЕАЭО форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, осы жылдың екінші жартысында Көкшетауда өтетін «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» тақырыбына арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселесі талқыланды.

Айта кетсек, Қазақстанға 1 ақпан жаппай вакциналау басталардың алдында Ресейден  «Спутник V» вакцинасы бірінші компонентінің 22 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде препарат толығымен пайдаланылды.