Қазақстанда 117 807 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
15 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 807 адам коронавирус инфекциясынан (–113 092+ және 4 715 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 557 пациент стационарда, 86 250 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 928 адамның жағдайы ауыр,
• 472 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 234 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.