Елімізде коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдауда

30.10.2020 15:18

Соның ішінде 9 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 313 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Стационарларда 2 303 науқас жатыр. 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 135 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 9 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. 

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы баспасс брифингінде хабарлап тұрады.