Қазақстанда соңғы тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды

11.07.2022 15:21

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

«Соңғы тәулікте ел аумағында 454 тұрғынның ПТР тесті КВИ-ге оң нәтиже берген. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр», - деп жазды ведомство. Соңғы тәулікте ауырғандарды тарқатсақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 200, Шымкент қаласында – 23, Ақмола облысында – 7, Ақтөбе облысында 0, Алматы облысында - 30, Атырау облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында - 17, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 3, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Түркістан облысында - 3. 

Айта кетейік, осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.