«Сары аймақта» Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары
Қазақстанда коронавирусқа байланысты «қызыл аймақтағы» өңірлер бойынша мәлімет жаңарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймақта» 10 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Сары аймақта» Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары.
«Жасыл аймақта»: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.