Елімізде бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
93 адам пневмонияға шалдықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бір күнде коронавирустан 14 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 348 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір күнде 1 873 адамнан коронавирус анықталды, 93 адам пневмонияға шалдықты.

Новости партнеров