Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантинді сақтауды сұрады

20.04.2020 17:11

Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

Фото : Акорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантинді сақтауды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індеттің шарықтау шегінен өткен жоқпыз", - деді ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтардың қауіпсіздігіне аса мән беру керек екенін атап өтті.

"Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет",- деп жазды Мемлекет басшысы.