Соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтаған
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды, деп қабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің Баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз
(симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады", – деп жазады Жүкел.