Елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 69 мың адамнан асты
Италияда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 743 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетерлігі, елде көз жұмғандар саны соңғы тәуліктерде біршама азайған болатын. Алайда соңғы 24 сағат ішінде 743 адамның қайтыс болғаны және тағы 3612 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Ал коронавирустан емделіп шыққандар саны 8326 адамға жетті.
Індет басталғалы Италияда емделіп шыққандар мен көз жұмғандарды қосқанда, барлығы 69 176 адам ауру жұқтырған.
Қазіргі таңда әлем бойынша 387 мың адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны мәлім болып отыр. Олардың 100 мыңға жуығы емделіп шыққан. Инфекцияның асқынуы салдарынан бүгінге дейін әлемде 16 мың адам көз жұмды.