Қазақстанда «жасыл» аймақта 14 өңір тұр

18.12.2021 15:30

2021 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта орналасқан өңірлер жоқ. 

«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

«Жасыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары енген.