49 пациенттің жағдайы өте ауыр
8 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 028 адам короновирус инфекциясынан (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 268 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.