Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 223 адам ем қабылдап жатыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 223 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.