Бұл туралы ресейлік Гамалея ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург айтты
COVID-19 вакцинасы ересектерге ғана салынады. Бұл туралы ресейлік Гамалея ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург айтты, деп жазады Baq.kz Rg.ru-ге сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясына қарсы препарат ересектерге арналған сынақтардың толық циклынан өтуі керек, сондықтан биыл вакцина балаларға салынбайды.
«Заң бойынша жаңа дәрі-дәрмекті тексерудің толық циклінен өткізбей, оны 18 жасқа толмаған адамдарға пайдалануға ұсынуға болмайды. Біздің препаратымыз балаларға да жарайды деп үміттенемін», – деді Гинцбург.
Гамалея атындағы ҒЗО-да жасалған вакцина Сеченов университетінде және Бурденко ауруханасында сынақтан өтті. Тамыз айының басында оны азаматтық айналымға шығару жоспарлануда. Роспотребнадзор түсіндіргендей, Сovid-19 препараты, ең алдымен, қауіпті топтардағы адамдар үшін – дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысы халықпен тікелей байланысты адамдар үшін қолжетімді болады.