Қазақстанда бір күнде 53 науқас коронавирустан көз жұмды

14.07.2021 16:10

198 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv

14 шілдедегі мәлімет бойынша, 45 282 адам коронавирус инфекциясынан (–43 795 + және 1487 КВИ-) емделіп жатыр. 

Оның ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 

• 880 адамның жағдайы ауыр 

• 198 пациенттің жағдайы өте ауыр 

• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Соңғы тәулікте пневмониядан - 6 адам, коронавирустан - 53 сырқат қайтыс болды.