Осындай дерек желіде пайда болды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы «жедел жәрдем қызметкерлері ақ жаймадан обаға қарсы костюмдерді өздері тігіп алып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласындағы жедел жәрдем бригадасының түгел дерлігі жеке қорғаныс құралдарының барлық түрімен жеткілікті мөлшерде жабдықталған! Атап айтқанда, бүгінде қаланың медициналық станциялары мен қосалқы станцияларында 400-ден астам көп пайдалануға арналған медициналық костюмдер бар. Жедел жәрдем бригадасы жеке қорғаныс құралдарын әр шақырудан соң жаңартып отырады, делінген хабарламада.
Жапония коронавирустың емін тапты