Қазақстанға Польшадан гуманитарлық көмек келді

13.04.2020 20:07

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Коронавируспен күрес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Бүгін елімізге Польшадан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше,  Чартерлік рейспен жеткізілген заттарды арнайы форма киген мамандар алдымен жақсылап дезинфекция жүргізді. Содан кейін ғана, ұшақтан түсірді. Жәшіктерде поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларындың 100 мың данасы мен Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлері бар.

Еске салайын, 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келген еді. Бұған қоса, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға өздерінің тәжірибесін бөлісуге келсе, ал Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония ақ халаттылары коронавируспен күресу бойынша қазақстандық әріптестерімен онлайн режимде тәжірибе алмасты.