«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 18 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қалып отыр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді.