Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 148 мың 943 науқас
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 25 қазан, сағат 09.24-тегі мәліметтер бойынша, әлем елдерінде коронавирус 42 млн 532 мың 198 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 148 мың 943 науқас.
Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:
АҚШ - 8 575 069
Үндістан – 7 814 682
Бразилия – 5 380 635
Ресей – 1 487 260
Франция – 1 084 659
Аргентина – 1 081 336
Испания – 1 046 132
Колумбия – 1 007 711
Мексика – 886 800
Перу – 883 116
Ұлыбритания –857 043
Оңтүстік Африка Республикасы – 714 246
Иран – 562 705
Италия – 504 509
Чили – 500 542
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңсайтындағы мәліметтер соңғы рет, 24 қазан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42 млн 055 мың 863 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 141 мың 567 науқас.
Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 110 мың 402 адамнан анықталды. Оның ішінде 105 мың 618-і жазылып шықса, 1796-сы қайтыс болды.