Өзбекстанда 5 күнде карантин орталығы салынды

30.03.2020 15:47

55 гектар аумақты бес күнде салу жоспарланған

tengrinews.kz

Өзбекстанның Тәшкент облысында жедел түрде COVID-19 алдын алу үшін 10 мың орындық карантин орталығы салынды, деп хабарлайды tengrinews.kz Газета.uz сілтеме жасап.

Орталық жұмысын бастап, 650 адамды - Мәскеу мен Дубайдан чартер рейсі арқылы келген өзбек азаматтарын қабылдаған.

55 гектар аумақты бес күнде салу жоспарланған. Нысан ретінде контейнерлер қолданылған. Олар үш адамға арналған. Әр нысанда кондиционер, санитарлық торап, душ пен теледидар қойылған.

29 наурыздағы жағдай бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 144 адам тіркелген. Бір науқас қайтыс болған, вирусты жұқтырған алғашқы жеті адам сауығып кетті.

Өзбекстанда 16 наурыз бен 30 сәуір аралығында халықаралық және ішкі көлік қатынасы тоқтатылған. Сондай-ақ, 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында елдегі әуе қатынасы да тоқтатылған.

Нұр-Сұлтанда көшеде жүрген 164 адам ұсталды

30 наурыздан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады