Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

31.10.2020 17:44

2020 жылғы 31 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 172 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 23 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 37746, 401 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28710 жетті.