Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде
25 ақпан күні Қазақстан аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР ДСМ Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге шетелден барлығы 2178 жолаушы ұшып келді. Олардың 1682-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 496-сында анықтама болған жоқ, барлығы да Қазақстан азаматтары. Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 877, анықтамасыз - 292;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен - 805; анықтамасыз - 204.
Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 24 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 284 азаматының ПТР-талдауларының нәтижесі дайын болған – ешбір жолаушыда коронавирус табылған жоқ.