Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті

10.11.2021 15:55

10 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото Турар Казангапов

Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймақта өтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

10 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.