Өткен тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды

25.12.2020 15:56

2020 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45105, 486 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32596 жетті.