Коронавирус: 203 адамның жағдайы нашар

15.11.2020 15:57

Стационарларда 2 970 науқас жатыр

Coronavirus2020.kz

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.