55 пациенттің жағдайы өте ауыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
24 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 20 387 адам короновирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 236 адамның жағдайы ауыр;
- 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.