Сәуірдің соңына дейін азық-түліктік емес дүкендер ашылады
Британия премьер-министрі Борис Джонсон дүйсенбі күні кешке коронавирусқа қарсы шектеу шараларын жеңілдететінін мәлімдейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Британия Үкіметі дайындаған жоспарға сәйкес, мектептер 8 наурыздан бастап ашылады, сондай-ақ сол күннен бастап екі үйдің екі адамына кездесуге рұқсат етіледі. Болжам бойынша, 29 наурыздан бастап әр үйде тұратын алты адамның кездесуіне рұқсат етіледі. Сәуірдің соңына дейін азық-түліктік емес дүкендер ашылады.
Газет мәліметінше, паб пен мейрамханалар мамырда ғана ашылады, дегенмен, мекемелердің отыратын жазғы алаңдары келушілерді одан ертерек қабылдауы мүмкін. Британияда қауіп тобындағы 15 миллионға жуық адам екпе алды. Ел билігі вакцинация жұқтыру қаупін төмендетеді деп үміттеніп отыр. Дегенмен ғалымдар үкіметті шектеу шараларын алуға асықпауға шақырған.