Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 21 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 355 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.