ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
«Сайры аймаққа» Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары кірді.
«Жасыл аймақта» әзірге Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана тұр.