Жамбыл облысы «сары» аймаққа өтті

10.04.2021 16:02

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

11 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.