Коронавирустан 9 адам қайтыс болды

29.08.2020 19:17

8 098 адам ем қабылдауды жалғастыруда

ҚР ДСМ баспасөз қызметі 29 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 098 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 949 науқас жатыр. 4 149 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 38 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 9 адам көз жұмды", – делінген ведомство мәліметінде.