Елімізде демалыс күндеріндегі локдаун сақталады

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz
Бұл туралы министр Алексей Цой мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзіне қарағанда, бұл аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау үшін қажетті шара. Белгілісі, қазір министрлік күзгі маусымға дайындық жүргізуде. Барлық өңірлердегі жұқпалы стационарларда 54 мың төсек орны əзірленген. Министр сондай-ақ, жансақтау бөлімдерінде 3 мың орын сақадай сай екенін жеткізді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшыларының пайымдауынша, мемлекеттердің үкіметтері белсенді түрде басшылық ету жауапкершілігін алып, ал халық шектеу шараларын сақтап, маска киіп, бұқаралық шараларға бармауы тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия емес. Тарихтың өзі індеттің өршуі – өміріміздің бір бөлігі екенін ұқтырады. Швейцарияның федеративті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы келген кезінде Қазақстанды азаматтары карантин сақтауы тиіс мемлекеттердің тізімінен алып тастағанын атап өту керек», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Минитстр қазір ресейлік және оксфордтық вакциналарды сатып алу бойынша келісімшарттар жүргізіліп жатқанын да жеткізді. Алдын ала есеп бойынша, қазақстандықтар үшін екпенің шамамен 5,5 миллион дозасы қажет. Вакцина ең алдымен, қауіп-қатердегі топтағы адамдарға, яғни жасы 60-тан асқан созылмалы аурулары бар науқастар мен дәрігерлерге егілмек.

Новости партнеров