Алматы облысында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

14.05.2020 16:18

Облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 190 адамға жетті

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv  Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«Вирусты жұқтырған 1 адам – Талдықорған қаласында, 6 адам Кеген ауданында тіркелді. 7 науқастың 6-уы белсенді түрде анықталды, өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Ал біреуі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды», – делінген хабарламада.

ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастарда COVID-19 диагнозы анықталды. Олар алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексеруден өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 190 адам анықталды.