Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус індетіне қатысты 9 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласында 7 тұрғын болса, ал Нұр-Сұлтанда 2 адам. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Стационарлық карантинде 1 мың 644 адам, үй карантинінде 628 адам жатыр. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
БАРЛЫҒЫ – 9
АЛМАТЫ – 7
НҰР-СҰЛТАН – 2
КАРАНТИНДЕ:
СТАЦИОНАР – 1641
ҮЙ – 981
БАҚЫЛАУ:
БАРЛЫҒЫ – 2626
1А –1689
1Б – 586
2 – 351
503
шығарылды
2123
бақылауда