Эпидахуалды бағалау матрицасы: «сары» аймақта екі өңір қалды

27.02.2022 16:17

«Қызыл» аймақта ешқандай өңір қалмады

inform.kz

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы қалды.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.