2021 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Оған қоса 106 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46190, 519 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33681 жетті.