Жаңа Каледония Тынық мұхиттағы вирустан зардап шекпей тыныш жатқан аймақтың қатарынан
Францияның теңіздегі иелігі – Жаңа Каледонияның билігі архипелагта шекарадағы қосымша шектеу шараларын 2021 жылдың 27 наурызына дейін созу жайында шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Егемен Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.
Жаңа Каледония Тынық мұхиттағы вирустан зардап шекпей тыныш жатқан аймақтың қатарынан. Архипелагтағы 270 мың тұрғынның арасынан бүгінге дейін бар-жоғы 23 адамнан SARS-CoV-2 тіркелген. Оған пандемия жарияланғалы аралдарға халықаралық әуе қатынастарының азаюы және келген жандардың отельдерге тоқтап, екі апталық оқшаулануды сақтауы себеп болған. Архипелагқа келген әр адамға тест қортындысын көрсету міндеттеліп, кетерінде тағы да тексерілуден өтуі міндеттелген. Бұл қағидаттың қатаң сақталуы Жаңа Каледония халқын аурудан сақтауға көмектесті деген жергілікті билік осы тәртіпті келер жылдың наурызына дейін ұзартқан.