Облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 472 адам анықталды
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 42 адамда COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген адамдардың 12-сі скрининг барысында және 30-ы вирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта облыста вирусты жұқтырған 472 адам анықталды, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 180 науқас жазылып шықты.