Алматыда өткен тәулікте 73 адам COVID-19 жұқтырды

01.01.2022 16:20

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 988313

iStock

Қазақстанда өткен тәулікте 447 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 85, Алматы қаласы - 73, Шымкент қаласы - 18, Ақмола облысы - 37, Ақтөбе облысы - 2, Алматы облысы - 14, Атырау облысы - 10, Шығыс Қазақстан облысы - 19, Жамбыл облысы - 8, Батыс Қазақстан облысы - 6, Қарағанды облысы - 50, Қостанай облысы - 36, Қызылорда облысы - 2, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 36, Солтүстік Қазақстан облысы - 42, Түркістан облысы - 5. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 988313.

Қазақстанда өткен тәулікте 562 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 112, Алматы қаласы - 15, Ақмола облысы - 67, Алматы облысы - 29, Атырау облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы - 60, Жамбыл облысы - 9, Батыс Қазақстан облысы - 18, Қарағанды облысы - 101, Қостанай облысы - 51, Қызылорда облысы - 3, Павлодар облысы - 39, Солтүстік Қазақстан облысы - 53. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 960773.